«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, 4 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Медеу ауданының аумағында Сәтбаев – Достық-Тайманов-Назарбаев көшелерінің контурында, сондай-ақ Самал-1, Самал-2 және Самал-3 шағын аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда ыстық су болмайды.
«Жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп мәлім етті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Сонымен қатар Алатау ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады.