Сенат • 04 Тамыз, 2023

«Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмысы тексерілді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиаскар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов Жетісу облысындағы Алтынемел асуындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмысы тексерілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инновациялық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мен «Қазавтожол» АҚ-ның өкілдері депутаттарды атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды. Сондай-ақ бұл жердегі автомобиль жолы учаскесінің жалпы ұзындығы 185 шақырым болатыны және жұмыс кестесіне сәйкес ағымдағы жылы аяқталуы тиіс екені туралы айтылды.

Депутаттар өз кезегінде жолдың осы бөлігінде жұмыс күші мен техниканың жеткіліксіздігін және жөндеу жұмыстарының көрсетілген мерзімде аяқталмай қалу қаупі зор екенін атап өтті.

Парламентшілер Жетісу облысының логистикасындағы осы жол учаскесінің әлеуметтік маңыздылығына, сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мен уақтылы орындалуы қажеттігіне тапсырыс беруші мен мердігердің назарын аударды.

Нг