Төтенше жағдай • 04 Тамыз, 2023

Семей орманында тағы өрт шықты

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы «Семей орманы»аумағында тағы да өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Семей орманында тағы өрт шықты

«4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ-ның Абай облысындағы бөлімшесіне «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының территориясында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу аттанды», делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшақтары оқиға орнына аттанғаны да нақтыланды. 

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығынан тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адам мен 25 техниканы құрайды.

Резерваттың алдын-ала ақпараты бойынша, өрт алаңы шамамен 15 гектарды құрайды.