«Жамбылдағы фосфор зауытында болған жарылыс фактісі бойынша құқық қорғау органдары ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп алғашқы тергеу әрекеттері қолға алынды. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жатқызылды», деді Жамбыл облысы ПД өкілдері.
Тергеу жұмыстарының барысы ерекше бақылауға алынды.