Әлем • 05 Тамыз, 2023

Әлемде коронавирус жұқтырушылар күрт көбейген

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дерекке қарағанда, шілде айының 13-30 күндері аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдығып, 3 мыңнан аса адам қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде коронавирус жұқтырушылар күрт көбейген

ДДҰ үн парақшасының ақпараты бойынша, алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда аталмыш инфекция жұқтырушылардың саны 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайған.

COVID-19 әлі де күшінде екені нақтыланғандықтан аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырып отыр.

«Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды», делінген  мәлімдемеде.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше