Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандары мен Риддер қаласындағы аумақтарда сел жүру қаупі бар.
Ақпаратта: «Осы 4 өңірдің аумағындағы биік тауларда 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мұздықты көл қалыптасады. Мамандар қауіпсіздік мақсатында көлдер мұздан әлі ашылмаған сәттен бастап сел қаупі бар жағдайды бақылау үшін аэровизуалды тексеру жүргізуде», делінген.
9 учаскеде көшкін қаупі негізінен автожолдарда, өзен бассейндерінде, Риддер қаласындағы Громотуха, Үбе, Алтай ауданындағы Бұқтырма, Хамир, Черновая, Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма, Зайсан ауданындағы Кендірлік жағалық еңістер мен таулардың кесінділерінде.
Көшкін қаупі бар аумақтарға бүгінгі күнге дейін 54, сел қаупі бар учаскелерге 80 рет жерүсті тексеру жұмыстары жүргізілген.