Есірткі • 07 Тамыз, 2023

Есірткіге қарсы жоба

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір жастардың басым бөлігі есірткіге елірген. Әсіресе интернет, пошта қызметтері, цифрлық төлемдер және «бетбелгілер» сияқты заманауи әдістер арқылы бұл препараттарға қол жеткізу тіптен оңайлап кетті.

Есірткіге қарсы жоба

Осының салдарынан алып-сатарларды дер кезінде құрықтау құқық қорғау органдары қыз­меткерлеріне қиын­дық туғызып жатыр. Осы ретте «Жастар рухы» жастар қанаты есірткі жарнамаларын өшіруге жәр­демдесіп жатыр. Нәтижесінде, жарты жылда 4 мыңнан аса есірткі-граффитилер жойылыпты.

«Amanat» партиясы жанын­да­ғы «Жастар рухы» Жастар қа­на­тының «Есірткіге жол жоқ» жобасы өңір­лерде тұрақты өткізі­ле­ді. Астана қаласының бел­сенділері де тұрғын үй алаптары маңындағы әртүрлі мекенжай мен күдікті жазуларды бояды. Пар­тия­лықтар игі науқанды алдымен елорданың оң жағалауынан бас­тады.

– Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні баршамызға белгілі. Ғасыр дертімен күресуде «Жастар рухы» жастар қанатының тарапынан жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері жүргізілген арнайы рейдтерде барлық 20 өңірде 1 000-нан аса еріктінің қатысуымен 4 000-нан аса граффити анықталып, жойылды. Дәл осындай акция Астана қаласында өз жалғасын тапты. Астана жастарының көме­гімен тыйым салынған сайттар белгіленген жазуларды бояу жұ­­мыс­тарын жүргіздік, – деді Жас­тар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Жастармен бірге акцияға саламатты өмір салтын насихаттау­шы, Street Workout Kazakhstan негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов пен джиу-джитсудан әлем чемпионы Василий Тахтай қатысты.

– Бұл – біздің рухтастармен бірге жүргізген кезекті рейд. Ак­ция барысында есірткілер мен жүйкеге әсер еткіш өнім­дер тарату­мен айналысатын сайт­тар­дың ме­­кенжайлары көр­се­тілген жар­­­­намаларды анықтап, оны жою­­­дамыз. Бір қуантарлығы, спортқа қызығып, спортпен шұ­ғыл­данатын жастар саны артып келеді, яғни қазіргі жастар саламатты өмір салтын таң­дайды, – деді А. Жақыпов.

Елімізде наша­қор­лықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге, на­шақорларды емдеу­ге және есірт­кі­ге тәуелді адамдарды оңал­­ту жүйесін дамытуға, сон­дай-ақ са­ла­аралық өзара іс-қи­мыл­ды кү­шей­туге назар ауда­ры­лып отыр. Осы іс-шараларды іске асы­руға бюд­жеттен 53,1 млрд теңге бөлу көз­делген.