Денсаулық • 08 Тамыз, 2023

Қарағандыда балалар неден уланғаны айтылды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында балалардың жаппай улануына инфекциялық аурулар себеп болған  жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда балалар неден уланғаны айтылды

«Қарағанды облысының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан ауруханаға түскен 14 баланың жетеуі сауығып, ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда олар сол орталықтағы дәрігерлердің бақылауында. Алты бала реанимация бөлімшесінде жатыр, төрт баланың жағдайы оң динамикамен ауыр жағдайда қалып отыр. Екі баланың жағдайы өте ауыр күйде. Жағдайдың ауырлығы неврологиялық және интоксикациялық синдромына, тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр», деді А. Ғиният.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі осы оқиға бойынша республикалық және облыстық деңгейдегі мамандардың кеңейтілген консилиумдары күн сайын ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

«Министрлік зардап шеккен балалардың жағдайына мониторинг жүргізуді және медициналық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемияға қарсы және тексеру іс-шараларын жалғастырып отыр. Алдын ала эпидемилогиялық тексеру, зертханалық зерттеу нәтижелері аурудың таралу сипаты тамақтан уланудан болмағанын, сондай-ақ инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Бұл жағдайдың себебіне тоқталсақ, дәрігерлер балалар токсинді заттан қатты уланды деп пайымдайды. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Балалардың жағдайы министрліктің ерекше бақылауында», деді министр.