Түркістан облысының тумасы уақытша әпкесінің үйінде тұрған.
Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Отандық БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың іс-түссіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды.
Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже берген жоқ.
«Бүгін түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-ға туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мәйітті анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген нұсқа қарастырылып жатыр», делінген хабарламада.
ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.