Байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.
Өтінім қабылдау 2023 жылғы 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.
Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шықан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік репортажы
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация)
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік фотосуреті
- Үздік өңірлік БАҚ
- Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы)
- Үздік подкаст
- Үздік YouTube каналы
Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» - 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.