Туризм • 09 Тамыз, 2023

Туристердің ең сүйікті шаһары

152 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әр мемлекеттің туристерге тартымды шырайлы шаһары болады. Елдің атын жаһанға жаятын да – осындай қонағы арылмайтын меймандос қалалар. Біздің елдің мысалында мұндай қала – Алматы. Биылдың өзінде шетелдік туристердің басым бөлігі, яғни 30%-ы Алматыға қыдырып келіпті.

Туристердің ең сүйікті шаһары

Осы орайда кейбір мемлекеттердің беткеұстар қалалары туристерді тарту бойынша тіптен әлемде көш ілгері тұрғанын айта кеткен жөн. Ондай қала­лардың танымалдығы жыл өткен сайын артып, өз еліне түсіріп жатқан табысы одан сайын еселеніп келеді. Осы жөнінде Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары жан-жақты зерттеу жүргізіп көріпті. Олардың мәліметі бойынша, әлемдегі турисі ең көп, соған сәйкес табысы да ең көп қалалардың көшін Дубай бастап тұр екен.

Тарқатып айтсақ, Саяхат және туризм жөніндегі Бүкіләлемдік кеңесі (WTTC) 2022 жылы туристер ең көп ақша жұмсаған 10 ірі қаланы анықтады. Бұл ретте мега­полистер үштігін 29,42 млрд доллар табыспен Дубай, 16,79 млрд доллар пайда тапқан Доха және 16,07 млрд доллар кіріс кірген Лондон қалалары құраған.

Ал енді WTTC болжамы бойынша 2032 жылға қа­рай ең көп турист ағылатын қалалардың үздіктері өзге­руі мүмкін. Мысалы, бірінші орынға Гонконг (52,06 млрд доллар), екінші орынға Макао (43,14 млрд доллар), ал үшінші орынға Дубай (42,98 млрд дол­лар) қалаларының орналасу ықтималдығы зор екен.

Сонымен қатар Statista халықаралық зерттеу ком­паниясының мәліметтеріне сәйкес 2022 жылы әлемдік туризм секторындағы нарық көлемі 2021 жылмен салыстырғанда шамамен 41%-ға өскен. COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келе бас­таған туризм нарығы 2022 жылы пандемия алдындағы деңгейіне жете алмаған, яғни жалпы көлемі 2 трлн-ға жуық долларды құраған. Мамандардың болжамына сәйкес 2023 жыл аяғына дейін бұл нарықтың жылдық көрсеткіші 2,29 трлн долларға дейін өсуі мүмкін және 2019 жылдағы нарық көлемінен артық шығады.

Ал енді өз елімізге оралсақ, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылы елімізде 9,8 млн турист тіркелген. Бұл қатарда 8,8 млн адам ел ішіндегі саяхатшылар болса, 974,7 мың адам – шетелге шыққандар. Ел ішінде және шетелге шығатын саяхатшыларымыз көбінесе Алматыда тіркелген – 970,9 мың адам. Сол сияқты Астанадан 924,4 мың адам және Түркістан облысынан 903,9 мың адам саяхаттаған. Ең аз туристер Атырау облысы (121,8 мың адам) мен Ұлытау облысында (130,4 мың адам) тіркеліпті.

Ішкі туризмге тоқталсақ, еQonaq ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес мемлекеттің оңтүстік және солтүстік бөліктері – туристік ағымның ең негізді бағыттары. Ал шетел туристері көп баратын аймақ, жоғарыда айтқанымыздай, Алматы қаласы болып отыр. 2023 жылы бұл қалаға келген шетелдік қонақтар барлық туристің 30,1%-ын құраған.

Сондай-ақ 2022 жылы туристерге арналған әртүрлі демалыс орындарының пайдасы шамамен 160 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың көрсеткіштерінен 60%-ға артық.

Бұған қоса ұлттық Банк 2023 жылдың 6 айында шетелге шығатын туристерді міндетті сақтан­ды­ру бойынша сақтандыру сыйлықақысының көлемі 3,2 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді. Бұл былтыр­­ғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 69,8%-ға артық. Ерік­ті туристік сақтандыру бойынша сақтандыру сый­лық­ақысының көлемі 2023 жылдың 6 айы ішінде 1,8 млрд­ теңге құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда ­5,6%-ға төмен. Осы орайда міндетті сақтандыру ту­ристік фирмалар арқылы ұсынылатынын айта кету керек. Бұл жазатайым оқиғаларды және кейбір аурулар сияқты тәуекелдерді сақтандырады. Орташа алғанда ерікті сақтандыру 15 еуроға түседі, яғни қазіргі бағам бойынша 7 349 теңге.