Бизнес • 09 Тамыз, 2023

Кәсіпкерлердің көкжиегі кеңиді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсібінен нәсібін тауып жүрген жандар үшін өз ісінің алға басуын қамтамасыз ететін әрбір мүмкіндік маңызды. Егер ішкі нарық­ты қойып сыртқа шығатындай жағдай қалыптасса, неге қуан­басқа?

Кәсіпкерлердің көкжиегі кеңиді

Ұлытаулық кәсіпкерлер үшін көп кешік­пей­ осындай мүмкіндіктер қалыптаса баста­мақ.­

«QazTrade» сауда саясатын­ дамыту­ орта­­лығы» АҚ Бас директорының бірін­ші­ орын­басары Нұрлан Құлбатыров Ұлы­тау Өңір­лік­ кәсіпкерлер палатасын­да­ шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, олармен халық­ара­лық нарыққа еніп, өз өнімдерін экспортқа шы­ға­ру туралы пікір алмасты.

«QazTrade» АҚ кәсіпкерлерге жан-жақ­ты­ көмек көрсетуге әзір. Отандық кәсіпкерлер ара­сында экспортқа деген қызығушылық жыл с­а­йын артып келеді. Біз шикізаттық емес, да­йын­ өнімді экспорттау бағытын ұстанамыз», деді Н.Құлбатыров.

Сондай-ақ ол жаңадан енгізіліп жатқан «Ready 4 Trade Орталық Азия жобасы» туралы айтып берді. Бұл жоба арқылы кәсіпкер өз өнімдерін Еуропа елдеріне барынша тез әрі жеңіл жолмен жеткізе алады екен.

Экспорттың ел экономикасы үшін­ маңызы зор екені айтпаса да түсі­нік­ті. Енді бұл ретте де ұлытаулық кәсіп­керлердің үлесі арта түседі деген сенім бар. Мұндай мүмкіндік тауарлар, жұмыс­тар мен қызметтер өндірісін ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар эко­но­­миканың даму қарқынын ны­ғайтады және жалпы ішкі өнім­нің­ өсуін жеделдетеді, сауда балан­сын және халықаралық нарық­та­ғы­ ұлттық валютаның позициясын нығайтады.