Спорт • 09 Тамыз, 2023

Ақтауда шахматтан мектеп әлем чемпионаты өтті

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында 4-7 тамыз аралығында шахматттан мектеп командалары арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 53 елінен 400-ден астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда шахматтан мектеп әлем чемпионаты өтті

Фото: t.me/mangystau_press

Маңғыстау прессМАңғыстау пресс12 жасқа дейінгі кіші топта қола жүлделерді Астана қаласының Республикалық физика-математика мектебінен Аланбек Жайназаров, Әмір Жүкенов, Мирас Хасенов, Айсұлтан Анетов алды.

Ал 18 жасқа дейінгі үлкен топта Эдгар Мамедов, Иманғали Ақылбай, Әмір Иген, Зарина Нұрғалиева, Әлихан Дәулет күміс медаль еншіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада шахматтан әлем чемпионатының ашылуында «Шахмат – бұл адам санасын шыңдайтын спорт» деген болатын. Бұл интеллектті дамытатын қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар адамның ойлауына оң әсер ететін құнды құрал іспеттес. Осы спорт түрімен айналыса отырып, біздің жасөспірім балаларымыз тапқырлығы мен шығармашылығын шыңдайды, сондай-ақ өз қатарына үлгі болады», деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов барлық қатысушыларға шахматтың маңыздылығын және оның бүкіл әлемде танымалдылығын атап өтіп, табыс тіледі.

Естеріңіізге сала кетейік, әлемде тұңғыш рет World Schools Team Championship өткен мектеп әлем чемпионатын халықаралық және Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастырды.

Қарапайым мектеп оқушылары, шахмат әуесқойлары қатысқан ерекше чемпионатта Қазақстанның атынан еліміздің алты қаласынан 10 мектеп қатысты.

Маңғыстау пресс