Қаржы • 09 Тамыз, 2023

Доллар қайта қымбаттады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар қайта қымбаттады

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге көтеріліп, 446,32 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 тамыздағы бір долларға арналған ресми бағамы 445,88 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 449,81 теңгеден сатылып жатыр.

Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,65 теңге, сату – 448,89 теңге.