Ауа райы • 09 Тамыз, 2023

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауылмен қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республикамыздың басым бөлігінде синоптиктер екпінді жел тұратынын болжайды.

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады деп күтіледі: +35...+42°С .

Астанада күн құбылмалы, аспанды бұлт басып, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с, күндіз найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17...+ 19°С, күндіз: +27...+ 29°С.

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +32...+34°С.

Шымкентте күн құбылмалы, аспан бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +34...+36°С.