Экономика • 11 Тамыз, 2023

Жаңа өндіріс орындары ашылады

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр­лігі­нің мәлімдеуінше, биыл елімізде 170 өнеркәсіп жоба­сын іске асыру көзделген. Үшінші тоқсанда Екібастұз маңында жылына 240 мың тонна фер­роси­лиций шығаруға қауқарлы ауқымды өндіріс орны­ның қыз­меті жолға қойылмақ. Бұл жыл са­йынғы экс­порт­тық табысты шамамен 460 млн дол­ларға ұлғайтуға мүмкіндік беріп, 800 адамды тұ­рақ­ты жұмыспен қамтуға жол ашпақ. Жоба құны – 92 млрд теңге.

Жаңа өндіріс орындары ашылады

Осы жылы отандық ферроқорытпа өндірушілері Қарағанды облысында өнімділігі жылына 400 мың тонна болатын арнайы кокс шығаратын жаңа зауытта алғашқы өнімді шығара бастайды. Бұл импорттық үлесті жылына 57 млрд теңгеге төмендетіп, сондай-ақ жоғары сапалы отын түріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. 261 адамды жұмыспен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның құны 43 млрд теңгеге бағаланған.

Қостанайдағы республикалық машина жасау орталығы биыл коммерциялық жүк көліктеріне ар­налған көпірлердің негізгі компоненттерін өнді­ру бойынша негізгі өнеркәсіп орталығына ай­налмақ. Зауыт автоматтандырудың жоғары дәреже­сімен ерекшеленіп, халықаралық экологиялық стандарттарға толық сай және жергілікті оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан. Өндіріс кезеңінде мұнда 300-ге дейін адам жұмыс істейді.

2023 жылы отандық автомобиль өнеркәсібіндегі тағы бір айтарлықтай жаңалық – Қостанайда Chevrolet Enix маркалы автокөліктердің өндірісі жүзеге асырылады. Нарықта қозғалтқышы 90 және 132 ат күшіне тең седанның 2 түрі болады. Жылына 30 мың машина шығару көзделіп отыр. Жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге жұмсалып, 400 жұ­мыс орны құрылады.

Бұған қоса Саран моноқаласында тұрмыстық техни­каны, Алматыда алюминий радиаторларын, Қара­ған­дыда жел генераторларына арналған конустық мұнара­лар­ды, Қостанайда Jetour, Kia және SsangYong маркалы көліктерді және Павлодарда алюминий дискілерін өндіру жоспарланған. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз ету үшін макарон өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс еті және басқа да өндіріс түрлерінің ауқымы кеңейтілмек.

Тұтастай алғанда, 2023 жылы 13,2 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.