Ауа райы • 11 Тамыз, 2023

Демалыс күндері күн суытады

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Демалыс күндері күн суытады

Синоптиктердің болжауынша, республикамыздың басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады. Оңтүстік циклонның әсері мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, 15-28 м/с дейін екпінді жел күтіледі. Найзағай кезінде дауылды жел болуы ықтимал.

«Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, жоғары температурамен ашық ауа райы сақталады, 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында әлі де өте қатты ыстық болады», деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде салқын болады, ауа температурасы күндіз 12-20 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 20-28 градусқа дейін төмендейді.