Шешім бидайды ҚР-на әкелудің және оны Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарынан автомобиль көлігімен реэкспорттаудың «сұр схемаларын» болдырмау мақсатында қабылданды. Бұл ретте отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқым материалымен қамтамасыз ету мақсатында тұқымдарды автокөлікпен жеткізуге рұқсат етіледі. Бірақ бұл жағдайда партиялар тұқымның сапасы туралы куәлікпен қоса бірге жүруі керек.
Бұдан бөлек, лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына жеткізілімдерді қоспағанда, импорттық бидайды Қазақстан аумағына және теміржол көлігімен әкелу шектеледі. Автокөлікке тыйым салуды ұзарту және теміржол шектеулерін енгізу туралы бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлейді.