«Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулікке жетпей, Шымкент қаласынан табылды. Ол ата-анасына тапсырылды», делінген ведомство хабарламасында.
ІІМ мәліметінше, 11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 9 тамыз күні оның 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмаған. Бойжеткен қыдыру ниетімен ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ал анасына ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмаған.