Спорт • 12 Тамыз, 2023

Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен бақ сынасты.

Елена Рыбакина 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 7 эйсті орындап, 7 қос қателік жасады. 24 брейк-пойнттың 10-ын сәтті пайдаланды.

Елена Рыбакина жартылай финалда тағы бір ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10