Спорт • 14 Тамыз, 2023

Сәтсіздік сабақ болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары Қазақстанның таэк­вондошылары тым сүреңсіз өнер көрсетіп жүргені белгілі. Соңғы екі әлем чемпионатынан олжасыз оралуы­мыз – жоғарыда айтылған сөзіміздің айқын дәлелі. 

Сәтсіздік сабақ болды

 

Осы спорт түрінің тізгінін ұстаған азаматтар содан тиісті қорытынды шығарып, жаңа бас­тамаларды қолға алды. Атап айтсақ, қыркүйек айында Қытайда алауы тұтанатын Азия ойындары қарсаңында олар Оңтүстік Кореядан келген маман Ким Кванг Судың көмегіне жүгінуді жөн көрді. Ол – тәжірибелі және білікті маман. Кезінде Чунчон қаласының құрама командасын баптап, Францияның ұлттық командасын жаттықтырған Ким енді Қазақстан құрамасында жаттықтырушы-кеңесші қыз­метін атқарады. Ал танымал спортшы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, бірқатар халықаралық турнир жеңімпазы, Лондон Олимпиадасына қатысушы Нұрсұлтан Мамаев аға жаттықтырушы болып тағайындалды.

Қазіргі кезде есімдері аталған мамандар өз жұмыстарына кірісіп те кетті.