Аталған жарыста Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде. Алғашқы айналымда бос болған ол екінші кезеңде америкалық Дженифер Брэйдиден басым түсті. Одан кейін АҚШ-тың тағы бір өкілі, 2017 жылғы US open додасының жеңімпазы Слоан Стивенске сан соқтырды. Ширек финалда WTA рейтингінде 14-орында тұрған Билли Джин Кинг кубогінің жеңімпазы, ресейлік Елена Дарья Касаткинамен күш сынасты. Өте тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 5:7, 7:5, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Рыбакина Ресей теннисшісі, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен сайысқа түседі.
Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирдің іріктеу сайыстарын сәтті өткізуде. Кеше испаниялық Сара Соррибес-Тормоны 7:6, 7:5 есебімен тізе бүктірген ол финалға жолдама алды. Ал Анна Данилина жартылай финалда франиялық Варвара Грачеваға есе жіберді – 6:4, 3:6, 2:6.