Тағайындау • 14 Тамыз, 2023

ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы тағайындалды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша полковник Арман Мансұров ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы тағайындалды
Арман Мансұров Қарулы күштердің Тыл бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары болған еді.

Арман Нұрланұлы – Петропавл жоғары әскери училищесінің түлегі.

2010 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын және 2018 жылы Мәскеудегі Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдады.

Батальонның әскери-шаруашылық жабдықтарының бастығы, полк қызметінің бастығы, құраманың бастығы, полк және бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары, «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.