Қызылша жұқтырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. Пайызға шақсақ, 87,6%-ы – балалар. Оның ішінде 7 ауру жұқтыру жағдайы алынып тасталды, 13 жағдай əлі зерттеліп жатыр. Жоғарыда атап өткеніміздей, науқастардың 88,6%-ы – қызылшаға қарсы екпе салдырмағандар.
Бұл инфекцияның көбі шетелден келген, сонымен бірге басқа өңірлерге сапарлап барған балалардың арасында анықталып отыр.
– Инфекция шетелдерден, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар сияқты қалаларға барып келген балалардан анықталып отыр. 24,7%-ы отбасындағы байланыс арқылы жұққан. Жағдайдың барлығы анықталып, байланыста болған 2 701 адам медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бұрын екпе салдырмаған 120 адамға екпе салынды, – дейді Г.Жақтайқызы.
Қызылша – өздеріңіз білетіндей жылдам жұғатын ауру. Жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, фотофобия, конъюнктивит, теріде жəне ауыз қуысының шырышты қабаттарында ұсақ нүктелі бөртпе түрінде көрініс береді.
– Қызылша вирусы жөтелу, түшкіру кезінде ауа арқылы жұғады. Қызылшамен, əдетте, екпе алменингит, панэнцефалит сынды асқынуларға себеп болуы мүмкін, – деді Г.Байғұтанова.
Оның айтуынша, екі жастан бес жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Бала кезінде қызылшамен ауырмаған немесе вакцина алмаған ересектер де ауырады. Қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болса, жасына қарамастан, ауру жұқтырады. Ауруда отит, пневмония, энцефалит жоқ. Аурудан қорғанудың жалғыз сенімді жолы – вакциналау. Бірақ осы вакциналауға салғырт қарайтындардың да көбейіп тұрғаны белгілі.
– Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сəйкес, қызылшаға қарсы вакциналау екі рет жүргізіледі. Біріншісі – баланың 12-15 айлығында, екіншісі – 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцина қызамық пен паротитке қарсы компонентпен бірге қолданылады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жастағы 7 967 бала жəне 6 жастағы 9 783 бала аталған ауруға қарсы екпе алды, – дейді спикер.
Қай жағынан келгенде де, вакциналаудан бас тарту денсаулық сақтау саласындағы өзекті мəселеге айналып отыр.
– Бүгінгі таңда облыста 2 мыңға жуық баланың ата-анасы түрлі себептермен профилактикалық егуден бас тартты. Вакцинамен қамтудың төмендеуі ұжымдық қорғаныстың əлсіреуіне, жұқпалы аурулардың пайда болуына жəне таралуына алып келеді. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мүдделі ведомстволардың, діни, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен халықтың жекелеген топтарын ақпараттандыру бойынша түсіндіру жəне ақпараттық жұмыс жүргізді. Соның нəтижесінде, бас тартқан 593 адам екпе алды, – дейді ол.
Қазіргі уақытта əлемде, оның ішінде шекаралас елдерде қызылшаның тіркелуі жиіледі. Ақпаннан бастап елімізде қызылшамен сырқаттану жағдайы өсіп келеді.
Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Қарағанды облысы