![Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарына 25 Президенттік стипендия бөлінді](/media/2023/08/15/9e7cfc9d-7032-4e79-8035-af0edb5cb69d.jpeg)
Биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарына бөлінген 25 Президенттік стипендияның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға арналған.
Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Президенттік стипендия:
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4;
- Қазақ ұлттық өнер университетіне – 12;
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4;
- Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4.
Ал магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасына берілген.