Кездесу барысында еліміздегі кинематография саласын дамыту перспективалары, креативті индустрия мамандарын оқыту, отандық киноконтенттің көлемін ұлғайтуға жағдай жасау және кинематографистерді қолдау мәселелері талқыланды.
Тимур Бекмамбетов дәстүрлі мамандық иелерін (ұстаздар, әртістер, суретшілер және тағы басқалары) цифрлық креативті индустрияға қажетті мамандықтарға қайта даярлау жөніндегі жобаны өзге елдерде жүзеге асыру тәжірибесін бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың дамуына жағдай жасап, шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік беретін «Кинематография туралы» заңның маңызды рөлін атап өтті.
Мемлекет басшысы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет екеніне баса назар аударды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада XVIІ «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 21:12
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Бүгін, 20:47
Президент сот жүйесін реформалауға бағытталған заңға қол қойды
Заң • Бүгін, 19:37
Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін
Білім • Бүгін, 19:20
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Аймақтық қоғамдық кеңестерге арналған стади-тур өтті
Қоғам • Бүгін, 18:09