Саясат • 16 Тамыз, 2023

Қазақстан – Қытай: Тиімді серіктестік

277 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің ҚХР-ға жұмыс сапары ең ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласынан басталды. Мұнда «Global Fortune» 500 әлемдік рейтингіне кіретін 10 қытайлық компанияның кеңселері орналасқан. Онда осы тізімге кіретін екі конгломерат – «Amer International Group және Huawei technologies» басшылығымен кездесу өтті.

Қазақстан – Қытай: Тиімді серіктестік

«Amer International Group» негізін қа­лау­­­­­шы және басқарма төрағасы Ван Вэ­ньин­­­­мен кездесу барысында вице-премьер екі ел арасындағы бизнес тығыз дос­тық серік­­тестікте дамуға тиіс екенін атап өтті.

«Компанияның металл өңдеумен айналысатынын, шикізатты өңдеудің жеткілікті терең үдерісін енгізгенін білеміз және бізге Қазақстанда металл өңдеу өндірісін ұйымдастыруға көмектесуді ұсынамыз. Қазақстан осы салаға инвес­тиция салуға мүдделі. Ұлттық заңнамаға сәйкес Үкімет инвестициялық келісімшарт жасасу арқылы инвестициялық преференциялар береді. Жаңа инвестициялық құрал – инвесторларға ерекше жағдай, оның ішінде тұрақтылық ұсынатын Инвестициялар туралы келісім енгізілді. Сіздерді осы бағытта бізбен жұмыс істеуге, практикалық тұрғыда екіжақты ынтымақтастық орнатуға шақырамыз», деді С.Жұманғарин.

Қазақстанның Вице-премьері ком­пания­ны барлау мен өндіруден бас­тап металдарды өңдеуге дейінгі барлық үдерісті жолға қоюға қатысуға шақырды.

«Жартылай өткізгіштер өндірісіндегі біліммен бөлісіп, мамандарымызға металдарды өңдеу технологияларын үйретсеңіздер», деді Вице-премьер.

Өз кезегінде В.Вэньин қазақстандық тараптың ұсыныстарын жақсы қабылдады.

«Бүгін 200 қытайлық компанияның ішінде біз бірінші 20-ға, ал жекеменшік 100 компанияның ішінде үздік бестікке кіреміз. «Global Fortune» 500 әлемдік рейтингінде қазіргі уақытта жылына 100 млрд доллардан аса кіріспен 124-орында тұр. Өңдеу технологияларының арқасында біз ши­кі­заттың құнын алдымен 10 есе, содан кейін 100 есе, ал кейбір тауар бойын­ша оның шикізатының бастапқы құны­нан 1 000 есе арттырамыз. Егер бізге өндіруд­ен қайта өңдеуге дейінгі жобаларға қатысу­ды ұсынсаңыз және Қазақстанда инвести­циялық жобаларды жүзеге асыру кезінде жеңіл­діктер болса, онда біз осындай шарттар­мен қатысуға мүдделіміз», деді В.Вэньин.

Кадрларды даярлауға қатысты «Amer International Group» негізін қалаушы оның компаниясы инвесторлармен осы бағытта ынтымақтасатынын атап өтті.

Сондай-ақ В.Вэньин ауыл шаруашы­лығы саласындағы ынтымақтастыққа қызы­ғушылық білдірді. Тараптар қазақ­стандық делегация оралғаннан кейін Индустрия және инфрақұ­рылымдық даму министрлігі ынтымақтастық үшін ұсыныстар пулын дайындап, қытайлық тарапқа қарауға жіберетініне келісті.

Сонымен қатар С.Жұманғарин «Huawei» ком­­па­ниясының кеңсесінде болды. Ком­­пания кең­се­сі­нің көрме залында қазақ­стандық деле­га­ция жоғары ағын­нан төменге дейін, көмір өндіруде, тау-кен өнеркәсібінде, порт ин­ф­рақұрылы­мын­да және басқа да сала­лар­да, миллион халқы бар қалалардың көлік және инфрақұры­лы­мын басқаруда, мұ­най өнер­к­әсі­бінің толық өндірістік циклі үдерісіне цифр­лық ше­шім­дер мен AI енгізу нәти­желерін ұсынды.

Мысалы, «Smart City Intelligent Operation Center» қала тұрғынының Үкіметтің уәкілетті органына өтінішін 30 минут ішінде құруға мүмкіндік береді, ал өтінімді орындау 24 сағатқа дейін созылады. «Smart Port» Тяньцзинь портындағы контейнерлерді тиеу кезіндегі ауыр жұмысты қашықтан басқару және бақылауға ауыстырды. Көмір шахталарында 5G+AI технологиясына негізделген «Coal Sheater Remote Control» арқылы жұмыс үдерісі толығымен жер бетінен басқарылады.

С.Жұманғарин «Huawei Technologies Co. Ltd.» атқарушы вице-пре­зи­денті, сырт­қы коммуникациялар депар­таментінің президенті Ван Цзянфэнмен кез­десу барысында цифрландырудың соң­ғы трендтері мен қазақстандық цифр­лық экожүйені дамыту үшін ынтымақ­тас­тық мүмкіндіктерін талқылады.

«Әлемде танымал компаниялар көп емес. Бір кездері мен «Nokia» компаниясында болдым, ал қазір «Huawei-де» жүрмін. «Huawei» кейінгі жылдары жасаған үлкен ұмтылыс – Қытайдың өзі жасаған үлкен серпілістің көрі­нісі. Біз компанияның цифрлық технология­ларды енгізудегі тәжірибесімен бөлісуіне өте мүд­д­еліміз, цифрлық экожүйемізді дамы­ту үшін ынтымақтастықтың үлкен әлеуе­тін кө­ріп отырмыз. Биыл «Huawei Tech­nologies» және ҚТЖ ұлттық компания­сы жаңа тех­но­ло­гияларды пайдалана отырып, Қа­зақ­­стандағы теміржол желісін цифр­лан­ды­ру­ға қатысты келісімге қол қойды­. Бұл ынты­­мақ­тастық Қазақстанның сауда-көлік бай­­ла­ны­сын дамытуға оң әсер ететі­ні­не, Қазақ­с­тан­ның Орталық Азияның цифр­лық хабы­­на ай­­на­луына негіз болатынына сенімді­мін», деп атап өтті Вице-премьер.

Өз тарапынан В.Цзянфэн қазақстандық деле­гацияның «Huawei» кеңсесіне келгені үшін ризашылығын білдірді. Компания өкіл­дері Қазақстанның «Цифрлық Қазақстан мен Еуразиялық хабқа апарар жолы» атты цифр­лық дамуына қатысты өз ұсыныстарын берді.