Парламент • 15 Тамыз, 2023

Ұсыныстар ескеріледі

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарова мен Руслан Рүстемов Қызылорда облы­­сында жұмыс сапарымен болды.

Ұсыныстар ескеріледі

Депутаттар сапар аясында облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттарымен, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеу­мет­тік бағдарламаларды үйлестіру бас­қар­маларының басшыларымен кездесті.

Кездесуге қатысушылар өңір тұрғын­дарын жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдар­ламаларды іске асыру және денсаулық сақтауды қаржылан­дыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

«Өңірлердегі проблемаларды шешу үшін мәслихат депутаттарына, сондай-ақ атқарушы органдарға келесі сессия­да заң шығару қызметі барысында ескерілетін ұсыныстар мен идеялар бо­йынша жұмыс істеуді ұсынамыз. Сонымен қатар өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнатқан Сенатта бірнеше жылдан бері «Өңір» депутаттық тобы бар», деді Ақмарал Әлназарова.

Парламентшілер Сенат қызметінің қорытындылары мен Парламент депутаттарының бастамасы бойынша әзірленген заңдар туралы кездесуге қатысушыларға айтып берді.

* * *

Сенат депутаты Сұлтанбек Мә­ке­­­жанов Алматы қаласындағы жұ­мыс сапары аясында еліміздегі ең ірі рекреациялық техника ор­та­­лы­ғының қызметімен танысты.

Кездесу барысында сенатор қаланың коммуналдық қызметтері пайдаланатын көшелер мен магистральдарды, әуежайлар мен елді мекендерді таза­лауға және күтіп ұстауға арналған арнайы техникалардың жай-күйіне назар аударды.

Сонымен қатар іс-шара барысында туристік кластерді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Табиғи ланд­шафттың әлеуеті мен бірегейлігі ескерілген бұл бағыт Алматы үшін ерекше маңызға ие. Сарапшылардың ай­туын­­ша, кластерді дамыту үшін туристік салаға инвестиция тарту мен мемлекет тарапынан қолдаудың мәні зор.

Депутат өңірде туристік саланы дамыту үшін туристік бағыттар мен ны­­сандардың көлікпен баруға қол­же­тім­­­ділігін қамтамасыз ету, турис­терге қо­лай­лы жағдай жасау, ішкі және ха­лық­­аралық нарықтарда елдің турис­тік әле­уе­тін ілгерілетудің тиімді жүйе­сін қа­лып­тастыру маңызды екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында туристік саладағы елеулі серпіліс үшін бірінші кезекте инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет екенін айтты. Кәсіпкерлер туризм саласындағы перспективаларға назар аударуы үшін осындай жағдайлар жасалуы керек», деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Депутат кездесу соңында Сенаттың еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономи­калық дамуы және халықтың табысын арттыру жолындағы алдағы заң шығару қызметін атап өтті.