Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.
2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде жұмыс істеді.
2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры.
2021 жылғы маусымнан бастап ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып жұмыс істеді.