Алматы • 16 Тамыз, 2023

№6 жатақхана қайтарылды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кешенді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биыл Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жатақханаларынан студенттерге қосымша орындар берілетін болады.

№6 жатақхана қайтарылды

Өткен жылдың соңында уни­вер­си­теттің басқарма төрағасы-ректор Ақыл­бек Күрішбаев оқу орнының ұжы­мы­мен кездесу барысында студент­тер­ді жатақ­ха­намен қамтамасыз ету мәсе­ле­сінің ушығып кеткенін айтып, орын тап­шы­лығын шешуге көңіл бөлген болатын.

Осыған орай кезінде есептен шығарылған студенттік №6 жатақхана университеттің тұрғын үй қорына қайтарылып, қазіргі кезде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың сыртқы ғана емес, оның ішкі кеңістігі де толық өзгеретін болады. Тұрғын бөлмелер, асүйлер мен дәліздер, жуынатын тазалық орындары жаңаша дизайнмен өрнектелмек. Едендер мен төбені ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа есіктер орнатылды. Қысқа мерзімде сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жүйелері ауыстырылатын болады. 1963 жылы салынған жатақханаға күрделі жөндеу соңғы 10 жылда алғаш рет жүргізіліп отыр. Университет басшылығы биыл осындай нақты жұмыстардың нәтижесінде жатақханалардан студенттерге тағы да 280 орын пайдалануға берілетінін жеткізді.