Спорт • 18 Тамыз, 2023

Бір күміс – қанағат

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияның астанасы – Амманда еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты (U-20) өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің балуан­дары да өнер көрсетті.

Бір күміс –  қанағат

Жерлестерімізге жалғыз ғана жүлде бұйырды. Оның жеңіп алған – Ризабек Айтмұхан. 92 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз бастапқы бәсекелерде қырғызстандық Нұрболат Әділұлы мен канадалық Самуэль Перейраны қапы қалдырса, жартылай финалда Георгий Ромелашвилидің тас-талқанын шығарды. Финалда Иранның пехлеваны Мохаммадхобин Азимиге бір ғана ұпай айырмашылығымен жеңіліп, күміс медальді мойнына ілді. Сондай-ақ 97 кило салмақтағы Камиль Круглиевтің де жеңіс тұғырына көтерілуге жақсы мүмкіндігі болды. Алайда ол қола медаль үшін тартыста АҚШ балуаны Кэмден Мак Данелге есе жіберіп, бесінші орында қалып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Ризабек Айт­мұ­хан бұған дейін ересектердің ел бірін­шілігінде топ жарып, биыл Астанада ұйымдастырылған Азия чемпионатында күміс медаль иеленген еді.