Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Азамат Сатыбалды Президентке «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Қазақфильмде» заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті;
кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды;
кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек екенін айтты.
Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі айрықша бақылауда болатынын сөз етті.