Экология • 20 Тамыз, 2023

Астана мен тағы 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 20 тамызда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана мен тағы 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Tengrinews.kz

Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.