39 жастағы Омбының тумасы октагонда 77 кездесу өтікізіп, 61-інде жеңіске жетті. 43 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Ол – «Bellator» промоушенінің чемпионы. «Шторм» деген жанама есіммен танылған Александр Жейкун Алиев, Венер Галиев, Беслан Исаев, Роберт Макдэниел, Бретт Купер, Витор Вианна, Энтони Руис, Вячеслав Василиевский, Кендалл Гроув, Майкл Фалкан, Ясуби Эномото, Мелвин Манхуф, Даг Маршалл, Бретт Купер, Брэндон Холси, Вискариди Андради сынды саңлақтарды сан соқтырған. Одан бөлек, М-1 нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді иеленді.
Қуаттың жасы 35-те. Ол 34 жекпе-жек өткізіп, 25 рет жеңіске жетті. 20 қарсыласын есінен тандырды. Жеті рет жеңіліп, тағы екі бәсеке тең есеппен аяқталды.