Қоғам • 22 Тамыз, 2023

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген. Қаржы пирамидасына 296 салымшы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген

Фото: newsroom.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «QazHome» қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі анықталды.
«Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді.

Олар «QazHome» тұтыну кооперативі құрып, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлуден, басқалардың жарналары есебінен кіріс алу қызметін ұйымдастырған. Аталған қылмыстық істі Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тергеп, тексерді.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Салымшылардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады» деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.