Фото: kavkazr.com
Министр заң талаптарына сәйкес барлық оқушылар мектепке классикалық үлгідегі киіммен келуі керек екенін еске салды.
«Бұл шешім білім алуға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында қабылданып жатыр. Бұл мәселеде өзгеріс жоқ – барлығы заң аясында және бекітілген талаптар аясында болады. Мектепке бекітілген мектеп формасымен бару керек», деді министр.
Осы тұста Ғани Бейсембаев оқушылардың ата-аналарына мектепке барудың басты мақсаты – сапалы білім алу екенін назарға алуға кеңес берді.
«Білім саласында басқа мәселелерді қозғаудың қажеті жоқ. Бала сапалы білім алуы керек, бұған ата-ана заң бойынша өз үлесін қосуы керек, бәріміз заңның талабын орындауымыз қажет. Еске салайын, Конституцияда еліміз зайырлы мемлекет екені анық жазылған. Сондықтан балалар мектеп формасын кию керек. Бұл талап», деді ведомство басшысы.