БАҚ өкілдері «Қазақстан» кенішіндегі өрт салдарынан зардап шеккен кеншілердің көңіл-күйін сұрады.
«Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр. Екеуінің жағдайы қанағаттанарлық, жақын арада үйлеріне жіберіледі. Қазіргі уақытта интоксикация синдромы мен улану белгілері бойынша ем қабылдап жатқан шахтерлердің жағдайы жақсарды», деп жауап берді Ажар Ғиният.