Білім • 22 Тамыз, 2023

Польшадан жүлделі оралды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада өткен оқушылар арасындағы 16-халықаралық олимпиададан алматылық өрендер жүлдемен оралды.

Польшадан жүлделі оралды

Әлемнің 50 елінен 200-ден ас­а оқушы қатысқан додада жо­ға­ры сынып оқушылары тео­рия­лық және деректерді өңдеуге қатысты тапсырмаларды орындады.

Астрономия және астрофизиканы насихаттауды мақсат еткен олимпиадаға қазақстандық оқушылар соңғы он жыл көлемінде қатысып келеді.

«Бөбек» обсерваториясы базасында дайындықтан өткен қазақстандық команданың енші­сіне бұл жолы екі медаль тиді. Ал­ма­тыдағы НЗМ оқушылары Ах­мад­жон Табаров – күміс, ал Елубай Бекасыл қола медальға ие болды.