Фото: altaynews.kz
Синоптиктердің болжауынша, Ақтау, Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында және түнде Астанада ауада зиянды қоспалар көбейеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Бұған дейін Жамбыл облысының алты ауданында су мен жылу тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.