Қоғам • 23 Тамыз, 2023

Ұялы телефон арқылы декларацияны қалай тапсырады (нұсқаулық)

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұялы телефон арқылы декларация тапсыру жолын назарларыңызға ұсынамыз.

Ұялы телефон арқылы декларацияны қалай тапсырады (нұсқаулық)

Фото: kapital.kz

Ең алдымен ұялы телефоныңызға «Е - Salyq Azamat» қосымшасын жүктеу керек. 

Қосымшаға кіргеннен кейін сол жақта жоғары жақта үш сызық тұрады. Соның үстінен басып, төменгі жағынан қазақ тілін таңдайсыз.

Келесі профиль параметрлерінен тіркелу деген батырманы басасыз, өзіңізге ыңғайлы тіркелуді таңдайсыз. Бұл жерге өзіңіздің ЖСН-ді енгізесіз. Кіру және тіркелу батырмасын басасыз. Бұдан соң телефон нөміріңізге смс-код келеді. Смс-код келгеннен кейін, оны көру үшін «разрешить» батырмасын басасыз. Смс-кодты тіркейсіз. Қосымшаға жылдам кіру үшін, өзіңізге пароль енгізесіз. Енді жоғарыдағы үш сызықты басып, декларация тапсыру деген батырманы басып, 250-активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны таңдап, өзіңізге қатысты ақпараттарды толтырып шығасыз. Резиденттік мәртебесі деген жерге резидентті таңдайсыз. Бұдан соң салық төлеушінің санатын таңдау керек. Егер лауазымды тұлға болсаңыз А санатын таңдайсыз. Ал жеке кәсіпкер, мұғалім, дәрігерлер В санатын таңдайды. 

Мемлекеттік кірістер кодына өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңызды енгізесіз. Телефон нөміріңізбен электронды поштаңызды тіркейсіз. Жалғастыру батырмасын басасыз. Осыдан кейін шет мемлекетте тіркелген мүлкіңіз болса + батырмасын басып, көрсетуіңіз керек. Қазақстаннан тыс жердегі банк есеп шотыңызда ақша болса, оны көрсетуіңіз қажет. Егерде Қазақстанда атыңызда мүлік болса, оны көрсетудің қажеті жоқ. Сосын жалғастыру батырмасын басасыз. Алдын ала қарау батырмасын басып, өзіңіздің декларацияңызды осы жерден қарай аласыз. ЭЦҚ немесе смс-код арқылы қол қоюыңыз қажет. Смс-код келгеннен кейін «разрешить» батырмасын басып, хабарламаны жүктеу деген батырманы басу керек. Сол арқылы құжат сізде дайын болады.