Экономика • 23 Тамыз, 2023

Қазақстанда 95 мың бизнес жоба субсидияланды

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде 95 мың бизнес жоба субсидияланды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 95 мың бизнес жоба субсидияланды

dauletten.kz

«Қаржылық іс-шаралардың арасында субсидия үлкен сұранысқа ие. Субсидия екінші деңгейлі банктер беретін кредиттерді арзандату мақсатында ұсынылады. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы аясында мемлекет 13,78 пайызын субсидиялайды, ал кәсіпкер 8 пайызын төлейді. Бұл облыс орталықтарындағы жағдай. Ал ауылдық елдерге басымдық берілген. Олар 7 пайызын төлейді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мен «Бизнес жол картасы» жүзеге асырылған сәттен бері кредиттік қоржыны шамамен 7 трлн теңге болатын 965 мың жоба субсидия түріндегі қолдауға ие болды», деді департамент директоры Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел отырысы барысында.

Сондай-ақ оның айтуынша  Ұлттық экономика министрі жартылай кепілдік беру құралын да жүзеге асырып жатыр. Ол кредит алу кезінде кепілдің жетпей қалу проблемасын шешуге бағытталған. Кепіл мөлшері 360 млн теңгеге дейін кредит сомасының 85 пайызы, 600 млн теңгеге дейін кредит сомасының 70 пайыз, ал 1 млрд теңгеге дейін кредит сомасының 50 пайызы. Бұл құрал арқылы кредиттік қоржыны 1,4 трлн теңге болатын 57,5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Мұнан бөлек, министрлік ауылдық жердегі мөлшерлемесі 7, ал облыс орталықтарында 8 пайыз болатын шағын несие беру қолға алынған.

Айта кетейік 2010-2021 жылдары аралығында мемлекеттік қолдау іс-шараларының арқасында 120 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, 53,1 трлн теңгенің өнімі шығарылды. Бюджетке 3,4 трлн теңге салық төленді.