Теннис • 23 Тамыз, 2023

Екінші айналымға шықты

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ ашық біріншілігінің іріктеу сынының алғашқы айналымында еліміздің екі теннисшісі де табысты өнер көрсетті.

Екінші айналымға шықты

АТР рейтингіде 243-орында тұрған Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 184-сатыға жайғасқан италиялық Маттиа Белуччиден 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Келесі кезеңде ол франциялық Энцо Кокомен күш сынасады. АТР рейтингінде 128 орында тұған Тимофей Скатов үздіктер тізімінде 240 сатыға жайғасқан жапониялық Каичи Учидомен шеберлік байқасты. Бұл бәсеке 6:2, 6:2 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Скатов екінші айналымда италиялық Рауль Бранкаччиомен шеберлік байқасады.