Елдегі ЕДБ аз уақыт ішінде мобильді қосымшалар арқылы ауқымды экожүйені қалыптастырды деп атауға болады. Халыққа арналған мобильді қосымшалардан басқа, бизнеске арналған онлайн-банкингті белсенді түрде дамытып енгізіп жатыр. Айталық, еліміздегі 10 ірі банктің жетеуінде кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай арнайы жасалған жеке мобильді қосымшалар бар. Ал аталған саланың дамуына серпін берген негізгі ЕДБ-ның бірі – ForteBank. Бұл банктегі ForteBusiness мобильді қосымшасының көмегімен кәсіпкерлер түрлі онлайн қызметтерге, мәселен бюджетке төлемдер жасау, әлеуметтік төлем, зейнетақы, МӘМС, салық, тауарлар мен қызмет түрлеріне, жұмыс ақысын төлеу, қызметкерлердің карталарына еңбекақы аудару, ағымдағы шоттарды, оның ішінде жинақ шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысын толық бақылап, шетел валютасын сатып алу және сату, сонымен қатар шетел валютасында ақша аударып, бір валютада өз шоттары арасында ішкі аударымдарға қол жеткізе алады.
Елімізде бизнеске арналған мобильді банкингтің дамуын ірі халықаралық агенттіктердің бірі SME Banking Agency ақпараттық-талдау жүргізіп, онда Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі бизнеске арналған мобильді банкингті зерттеген. Рейтинг бойынша алғашқы орында ForteBank аймақтағы ең үздік мобильді банк болса, одан кейінгі орындарды Halyk Bank пен Jusan Bank иеленген. Ал үздік бестікке Украинадағы ПриватБанк пен Грузиядағы Bank of Georgia енген.
Жалпы, SME Banking Agency талдаушылары кемінде 10 мың рет жүктеп алынған және жоқ дегенде 3,5 балл жинаған (GooglePlay және AppStore бойынша орташа көрсеткіш) қосымшаларды қарастырып, қорытындылай келе сараптаманың шорт-парағына 6 елден 25 мобильді банк қатысқан. Әр қосымша 110 критерий бойынша бағаланған екен.
Сонымен қатар бизнеске арналған мобильді банкингтің кәсіпкерлер үшін де бірқатар маңызды артықшылықтары бар.
Уақытты үнемдеуде банк филиалына бармай-ақ, онлайн қызмет көрсету ЕДБ тұтынушыларының сұраныстарын жеделдетіп, төлемдер мен аударымдардың өндеу құны арзан әрі мобильді қосымшаларды аптасына 7 күн тәулік бойы пайдалану қарастырылған. Барлық банк қосымшасы барынша қорғалып, клиенттер үшін қауіпсіз екенін айтуға болады.