Спорт • 24 Тамыз, 2023

Шавкат Рахмонов Майкл Пейджді жекпе-жекке шақырды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Bellator-дың спортшысы Майкл Пейджбен айқасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Шредингер спорты» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов Майкл Пейджді жекпе-жекке шақырды

Фото: yandex.kz

Bellator ұйымының үздігі – 36 жастағы Майкл «Веном» Пейдж жақында ресми түрде UFC қатарын толықтырады. Ол Bellator-дан ауысқаннан кейін UFC титулына үміткер болу үшін бір ғана жекпе-жек өткізген Майкл Чендлердің жолын қайталағысы келеді.

Пейдж топ-5 немесе топ-10 қатарындағы спортшының бірімен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Оған жауап ретінде Шавкат Рахмонов «6-шы нөмірге қалай қарайсың?» деп жазды.

«Веномның» ММА-дағы статистикасы – 26-2. Британдық спортшы Bellator чемпиондары – Логан Сторли (уақытша титулды алды) мен Дуглас Лимадан ғана жеңілген. «Веном» ММА-ға дейін кикбоксингтен әлем чемпионаттарында жеңіске жетті. Ал лақап атын соққы мен каратэні үйлестіре алатыны үшін иеленді. Сондай-ақ ол қолғапсыз жұдырықтасып, кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізіп үлгерген.