Білім • 25 Тамыз, 2023

Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке тағайындалды

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі жанынан ардагерлер кеңесі құрылды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан республикалық тамыз кеңесінде аталған министрліктің басшысы Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке тағайындалды

«Күні кеше отандық білім беру саласына еңбегі сіңген, беделді азаматтардың басын қосып, министрлік жанынан республикалық ардагерлер кеңесін құрдық. Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі нәтижесінде әріптесім, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы төраға болып сайланды», деді Ғ. Бейсембаев.

Сонымен қатар министр мұндай кеңестер мектептен облысқа дейін елдің әр өңірінде құрылуы тиіс екенін атап өтті.

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес барлық педагогтердің еңбек жағдайлары жақсарды. «Педагог» кәсіби стандарты педагогтың үздіксіз кәсіби дамуына ықпал етеді. Оның негізінде педагогтерге, аттестаттауға және біліктілікті арттыру жүйесіне қойылатын талаптар қайта қаралады. Еліміздің 620 педагогы 2012 жылдан бастап «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы атанды және оның нәтижесі бойынша 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп педагогтерінің жалақысы тағы 25 пайызға өсті. Қазір 217 мың (63%) мұғалім жаңа жүйемен аттестаттау қорытындысы бойынша негізгі жалақыға қосымша ақы алады», деді ведомство басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35