Білім • 25 Тамыз, 2023

Алғаш рет қазақстандық университет ICAI мүшелігіне қосылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Maqsut Narikbayev University Халықаралық академиялық адалдық орталығының мүшелігіне өткен Қазақстандағы алғашқы университет атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғаш рет қазақстандық университет ICAI мүшелігіне қосылды

Фото: Maqsut Narikbayev University баспасөз қызметі

Бұл қадам MNU-дің жоғары білім берудегі Академиялық адалдық пен этиканың ең жоғары стандарттарын сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді.

ICAI мүшелігі Maqsut Narikbayev University-ге әлемдік аренада академиялық адалдықты ілгерілету мақсатымен ортақтасатын білім беру мекемелерінің жаһандық қауымдастығымен ынтымақтасу үшін бірегей мүмкіндіктер ашады. Бұл мүшелік университеттің академиялық ортадағы плагиатқа, алаяқтыққа және білім беру саласында жол берілмейтін этикалық әрекеттерге қарсы күрестегі шешуші ұстанымын айғақтайды.

Maqsut Narikbayev University Орталықтың барлық ресурстарына, соның ішінде материалдарға, онлайн курстарға, ICAI ұйымдастыратын іс-шаралар мен конференцияларға қатысу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ Mac-Cabe Survey көмегімен студенттер мен оқытушыларға сауалнама жүргізу мүмкіндігіне қол жеткізетінін атап өткен жөн.

Бұл қадам MNU-дің академиялық стандарттарды үнемі жетілдіруге және білім беру саласындағы адалдықты сақтауға деген ұмтылысын растайды.