Сенат • 28 Тамыз, 2023

Кездесуде көтерілген өзекті мәселелер

153 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Cенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығымен кездесті.

Кездесуде көтерілген өзекті мәселелер

 

Кездесуде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыруға және биылғы наурыз айында VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында қойылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына басымдық берілді. Сонымен қатар, бюджет мәселелерімен бірге мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығы мен оларды бақылаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Сенатор Президент негізгі міндеттердің бірі ретінде әділ, тұрақты және ашық салық жүйесін қалыптастыруды белгілеп бергенін айтты.

«Мемлекет басшысы салық саясатының жаңа моделі ұлттық байлықты оңтайлы бөлуді, экономикалық белсенділіктің жоғары деңгейін және экономиканың басым салаларына нақты қолдауды қамтамасыз етуге тиіс екенін атап өтті. Бірлескен күш-жігермен фискалдық органдардың бизнес­пен өзара іс-қимылын жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдау қажет. Бұл кәсіпкерлердің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді», деді Сұлтанбек Мәкежанов.

* * *

Сенат депутаттары Сергей Карплюк пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысының Наурызым және Әулиекөл аудандарына барды. Сапар барысында аудандық мәслихат депутаттарымен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және тұрғындармен кездесті.

Кездесуде қатысушылар аудандардың инфрақұрылымын дамыту, газдандыру және автомобиль жолдарын жөндеу мәселелері талқыланды. Сапар барысында депутаттар Әулиекөл ауылындағы балабақшаның, Қараменді ауылындағы сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен және Аманқарағай ауылындағы сауықтыру кешенінің қызметімен танысты.

рог

Сонымен қатар сенаторлар Пешков жалпы білім беретін мектебінің жұмысымен, Федоровка ауылында салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй құрылысымен танысып, Федоров ауданының тұрғындарымен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Сергей Карплюк пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қарабалық ауданының тұрғындарымен, активімен, аграрлық кәсіпорындар мен әлеуметтік сала өкілдерімен бірге электр желілердің тозуы, газдандыру және кадр тапшылығы мәселелерін талқылады. Депутаттар кездесуге қатысушыларға Парламент Сенатының заң шығару қызметі туралы да айтып берді.

* * *

Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Айгүл Құспан мен Никита Шаталов Алматы қаласындағы заманауи отбасылық-дәрігерлік амбулаториялық орталыққа барды. Орталық партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы шеңберінде салынып жатыр.

Қазіргі уақытта қалаға қарасты Кемел ауданында 124 мың пациенті бар үш емхана ғана медициналық қызмет көрсетеді. Қалған 50 мың тұрғын көрші аудандарға медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр. Медициналық мекемелердің ең өткір тапшылығы дәл осы Кемел шағын ауданында, Саяхат автовокзалының жанында және Жұмысшы кентінің тұрғын алабында сезіледі.

– Жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория жалпы практика дәрігерлері, педиатрлар, акушер-гинекологтердің, отбасын жоспарлау, дәрігерге дейінгі, рәсімдік және егу кабинеттерін қоса алғанда, барлық медициналық қызметті ұсынады. Мұнда тұрғындарға білікті медициналық көмек алу үшін барлық жағдай жасалады, – деді Айгүл Құспан.

Қазіргі уақытта нысан 97 пайызға аяқталды, жарықтандыру құрылғы­ларын әрлеу және орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жасалып жатыр. Нысанды тапсыру жылдың соңына дейін жоспарланған. Медициналық филиал ашылғаннан кейін Кемел шағын ауданының 22 мыңнан астам тұрғыны өз аймағында білікті медициналық көмек ала алады.

рн

* * *

Мәжіліс депутаттары Динара Шүкіжанова мен Динара Наумова Павлодар облысына барып, өндіріс орнының жұмысымен танысты.

Алдымен мәжілісмендер Павлодардағы ірі жұмыс беруші кәсіпорын­дарының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға барды. Бұл дайын алюминий өндірісіне қажетті шикізат шығаратын жалғыз зауыт. Жылына 1,4 млн тонна өнім өндіреді. Бүгінгі таңда мұнда 8 мыңға жуық адам еңбек етуде.

Айта кету керек, зауыт өндіретін өнімнің 60 пайызы шетелге жөнелтіледі. Қалған өнім ішкі нарықта қалады. Негізгі тұтынушы – дайын алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауыты.

Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың айтуынша, еліміздегі өнер­кәсіп саласында ортақ мәселе бар. «Өндіріс орындарының алдында бір­дей кед­ер­гілер туындап отыр. Отандық өнімді экспорттау, құрал-жабдық­тар­дың ша­мадан тыс қымбат болуы, кадр тапшылығы сияқты мәселелер бар. Бұл ол­қы­лықтардың орнын жүйелі түрде толтыру қажет», деді Д.Шүкіжанова.

о