Қаланың 6–60 жас аралығындағы тұрғындары үшін қолжетімді курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Сабақтар саябақтарда өтетіндігі хабарланған.
Оқу біткен соң барлық белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі. Осы кезеңде 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерімен қатар саябақтарда қазақ тілі сабақтары да өтеді.
Жобаны Алматы әкімдігі жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
АЛМАТЫ