Білім • 29 Тамыз, 2023

Ерекше балаға – ерекше қолдау

180 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл Тамыз кеңесі әр өңірде түрлі тақырыпта ұйымдасты­рыл­ды. Қостанай облысындағы кеңес «Инклюзивті және арнайы бі­лім» бағытында өткізілді.

Ерекше балаға – ерекше қолдау

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, білім саласындағы маңызды бағыттардың бірі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау.

– Білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге денсау­лық сақтау шеңберінде де ерекше қа­жеттілігі бар балаларға қол­­дау көрсету бағытында айтар­­лықтай тәжірибеміз бар. Мы­салы, Рудный қаласында ті­рек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қолдау ортылығы жұмыс істейді. Онда бір мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі. Биыл «Қамқорлық» жобасы шеңберінде 125 балаға арналған «Аутизм» орталығын ашу бойын­ша жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Қ.Ақсақалов.

Оқу-ағарту министрлігі ин­­клю­зивті білім беру бас­қар­масының басшысы Лаура Бота­баева­ның ­айтуынша, елі­мізде ерекше қа­жет­тілігі бар ба­ла­ларға білім бе­ру мәселелері бойынша ауқым­ды жұмыстар атқарылған. Бұл, ең алдымен, нормативтік-құқық­тық база­дағы өзгерістерді қамти­ды. Ең маңыздысы, 2021 жылы еліміздің кейбір заңнамалық акті­лерінде инклюзивті білім беру мәселе­ле­рі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арнал­ған мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары бекітіл­ді. Қазіргі таңда 24 мыңнан астам мүм­кіндігі шектеулі бала арна­­­­йы пси­хологиялық-педагогика­лық қол­­­дау алуға кезекте тұр. Ал мем­­­­­лекеттік тапсырысты енгізу ке­­­зек­тегі балаларды жаппай тү­зе­ту көмегімен қамтуға, арнайы меке­мелердің тапшылығы мәсе­лесін шешуге мүмкіндік береді.

– Бүгінде елімізде 188 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала бар. Бұл көрсеткіш жыл сайын үш пайызға ұлғайып отыр. Аталған даму мүмкіндік­тері шектеулі балаларды арна-­­
йы психологиялық-педагогика­лық қолдау және ерте түзетумен қам­ту 2023 жылы 73 пайызға жетті. Бұл көрсеткішті 2025 жыл­ға дейін 100 пайызға жеткізу жос­парла­нып отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің 40 пайызында, орта білім беру мекемелері­нің 80 па­йызында және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдары­ның 70 па­йызында инклюзивті білім бе­руге жағдай жасалған. Бұл көр­сеткішті 2027 жылға дейін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр, – деді Лаура Ботабаева.

Балалардың ерекше қажет­ті­ліктерін ерте жастан анық­тау үшін психологиялық-меди­ци­на­лық-пе­дагогикалық консуль­тация­лар­дың қызметі маңызды. Бүгінде елі­мізде мұндай 94 ор­та­лық жұ­мыс істейді. Мұның сыртында 2023 жылы – 15, 2024 жылы 14 пси­­хологиялық-ме­дициналық-пе­­­да­гогикалық кон­сультация ор­­та­лығын ашу жос­парланған. Ақ­мола, Қос­танай, Ұлытау облыс­та­ры мұн­­­дай орта­лықтармен толық қамтылған.

– Ерекше балаларға ерте қол­дау көрсететін психоло­гия­­лық-педагогикалық түзеу кабинет­тері­нің санын арттыру мәселесі де біртіндеп шешім тауып келеді. Бүгінде елімізде 210 түзеу каби­неті бар. Сонымен қатар ел көле­мінде 13 оңалу орталығы жұ­мыс істейді. Бүгінде еліміздегі 5 760 мектепте мүмкіндігі шек­теулі 50 мыңнан астам балаға ин­клюзивтік білім беруге жағ­дай жасалған. Оқу-ағарту минис­тр­лігі мен «Қ­азақстан халқына» қоры арасын­да жасалған арнайы білім беру ұйымдарының ма­териалдық-техникалық базасын ны­ғайту жөніндегі меморандум аясында республикадағы 31 мектеп-интернат арнайы жаб­дықтар­мен қамтамасыз етілген, – деді министрлік өкілі.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін қалай оқытамыз?

Қоғам • Бүгін, 09:05

Тыңғылықты жұмыс

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:00

Қызметі тегін емхана

Алматы • Бүгін, 08:55