Экология • 29 Тамыз, 2023

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Фото: azattyq-ruhy.kz

29 тамызда Ақтау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.